15
июнь
2024
14 маусым күні Nº23 мектеп-лицейінде бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанатты жиыны ұйымдастырылды.

Биыл, алтын ұя білім ордамызды аяқтап
отырған 11 сынып оқушыларының жалпы саны 233. Оның ішінде 3 оқушы «Алтын белгі» ал, 4 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері.
Лицейдің ішкі алаңшасында өткен маңызды шараға 11-ші сынып түлектері, ата-аналар
және ұстаздар қатысты.
Салтанатты жиында мектеп директоры -
Жанар Жорақызы, түлектерді атестат алумен
құттықтап, алдағы ҰБТ-да жоғары бал алуына,
қалаған мамандық иелері болуларына, өмірде мақсаттарына жетуіне және өз орындарын табуына тілектестігін білдірді.
Ата-аналар да сөз алып, оқушыларға сәт-сапар
және ақ жол тіледі. Сондай-ақ, түлектер
мектеп басшысына, барша педагогтарга,
алғыстарын білдіріп, рахмет айтты.
[media=https://www.instagram.com/p/C8OedFntlwK/]