Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 78-17-17
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өткен оқу жылында, дәл 19 сәуір күні…
22
апрель
2026

Өткен оқу жылында, дәл 19 сәуір күні…

Өткен оқу жылында, дәл 19 сәуір күні…
Мектебімізге асқақ рухтың иесі, ұлттың мұңын жырлаған ақиық ақын Мұхтар Шаханов ағамыз келіп еді…

Сол күні ол кісінің әрбір сөзі жүрекке жетіп, әрбір ойы жанымызды тербеп, көзімізге үміт ұялатқан еді. Оқушыларға қарап тұрып, тереңнен толғап:
«Шындық шыңында болыңдар!» — деп ақ батасын берген сәті әлі күнге құлағымызда жаңғырып тұрғандай…

Кім білген…
Араға тура бір жыл салып, дәл сол күнді жүрек сыздап, жанарға жас алып қарсы алатынымызды…
Кім білген…
Сол асыл жанның енді ортамызға қайта келмейтінін…

Кеше ғана арамызда жүрген алып тұлға, бүгін сағынышқа айналып, жүректің ең бір терең тұсында мәңгілікке орын алғандай…
Сол бір жүздесудегі жылы жанары, салмақты сөзі, биік болмысы енді естелікке айналып барады…

Жанымызға шырақ жаққан сол үн өшпесе екен деп тілейсің…
Уақытты кері қайтара алсаң ғой деп армандайсың…

Бақұл болыңыз, абыз ақын…
Сіздің әр сөзіңіз — аманат, әр ойыңыз — ұрпаққа жол…
Жаныңыз жәннаттың төрінде болсын…
Рухыңыз ел жүрегінде мәңгі жасай берсін… [media=https://www.instagram.com/p/DXb7ZAPCI1q/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив