Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
июнь
2024

Алтын балалық шақ

‎«Алтын балалық шақ» декадасын өткізу тұжырымдамасы бойынша Халықаралық балаларды қорғау күніне №23 мектеп-лицейінде “Бақытты балалық шақ” мерекелік концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.

Мерекелік шара басында алғашқы құттықтау сөзді №23 мектеп-лицейінің директоры Ж.Жорақызы алып, барша кішкентай бүлдіршіндерді айтулы мерекелерімен құттықтай отырып, бақытты балалық шақ тілеп, шынайы лебізін білдірді.

Іс-шарада өнерпаз оқушылардың мерекеге арнап дайындаған концерттік бағдарламасы паш етілді. Шара соңында, балаларға арнайы тәтті балмұздақ таратылды.

Айта өтейік, халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі әлемнің барлық елдерінде жыл сайын жаз мезгілінің алғашқы күні көптеген іс-шаралар мен салтанатты түрде өткізіледі. Балаларды қорғау күні 1950 жылдан бастап атап өтіледі.
[media=https://www.instagram.com/p/C7qv5bmNFc_/]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив