Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа арнайы қонақ ретінде қалалық №13 емханадан жасөспірімдер терапевтік бөлімінің меңгерушісі Аблаева Алия Бастарбековна және жоғары санатты дәрігер-терапевт Ботабаева Гүлбану Тастанбеко
24
январь
2026

Мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа арнайы қонақ ретінде қалалық №13 емханадан жасөспірімдер терапевтік бөлімінің меңгерушісі Аблаева Алия Бастарбековна және жоғары санатты дәрігер-терапевт Ботабаева Гүлбану Тастанбеко

Мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа арнайы қонақ ретінде қалалық №13 емханадан жасөспірімдер терапевтік бөлімінің меңгерушісі Аблаева Алия Бастарбековна және жоғары санатты дәрігер-терапевт Ботабаева Гүлбану Тастанбековна қатысты.

Жиын барысында білім беру ұйымдарының алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында тіркелуі туралы кең көлемде ақпарат беріліп, ата-аналарды толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды. Сонымен қатар, мектептегі қауіпсіздік шараларын күшейту, білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мәселелері сөз болды.

Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде оқушылардың мектеп аумағында ұялы телефон қолдануына қойылатын талаптар да түсіндіріліп, бұл шектеулердің тәрбиелік және қауіпсіздік тұрғысынан маңызы атап өтілді.

Жиын өзара пікір алмасу форматында өтіп, ата-аналар тарапынан белсенділік байқалды. Кездесу білім беру мен денсаулық сақтау салалары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болды. [media=https://www.instagram.com/p/DT5C0m_CEY3/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив