Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 78-17-17
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📌 Мектебімізде волейбол жарысы өтті
10
декабрь
2025

📌 Мектебімізде волейбол жарысы өтті


Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының Спорт және мәдениет фракциясының бастамасымен қызықты әрі тартысты волейбол жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа ұлдардан 3 команда, қыздардан 4 команда қатысып, өзара шеберліктерін көрсетіп, белсенді ойын өрнегін көрсетті.

🔹 Ұлдар арасындағы нәтиже:
• I орын – 10 «З» сыныбы
• II орын – 10 «И» сыныбы

🔹 Қыздар арасындағы нәтиже:
• I орын – 10 және 9 сынып оқушыларынан құралған аралас команда
• II орын – 7 және 6 сынып оқушыларынан құралған аралас команда
• III орын – 6 сынып командасы

Жарыс достық атмосферада өтіп, оқушылар спортқа деген қызығушылықтарын, бір-біріне қолдау көрсетудегі ұйымшылдықтарын айқын көрсетті.

Қатысқан барлық командаларға алғыс білдіреміз! Спорттық рухтарыңыз әрдайым жоғары болсын! 🏐✨ [media=https://www.instagram.com/p/DSEZnuxCOV6/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив