08
май
2025
Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті!

Мектебімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт ерекше сән-салтанатпен өтті. Шара барысында оқушылар жүрек тебірентер патриоттық әндер шырқап, көркем сөз оқып, Жеңіс күнінің мәні мен маңызын терең сезінді.
Бұл кеш — батыр бабаларымыздың ерлігіне тағзым ету, бейбіт өмірдің қадірін бағалау, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырудың жарқын көрінісі болды. Әр өнерпаз өз талантымен көрерменнің көңілінен шығып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Баршаңызды Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, аспанымыз ашық, шаңырағымызда ырыс пен ынтымақ, бақ пен береке орнасын! Батырлар рухы әр жүректе мәңгі сақталып, ұрпақтар сабақтастығы жалғаса берсін![media=https://www.instagram.com/p/DJWtXXWoBGh/]