01
май
2025
Мектебімізде 3-4 сынып ата-аналарының қатысуымен «Тәлімменен өрілген біздің дәстүр» тақырыбында тәрбиелік бағыттағы жиналыс өткізілді.

Жиналыста ұлттық тәрбие, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың бала тәрбиесіндегі рөлі жайлы мазмұнды әңгімелер айтылып, ата-аналармен пікір алмасу жүргізілді. Қазақ халқының тәлімге толы өнегелі дәстүрлерін бала санасына сіңіру – отбасы мен мектептің ортақ міндеті екені баса айтылды.
Шара ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. [media=https://www.instagram.com/p/DJGtontIxbx/?img_index=1]