Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2025

Құрметті Жанар Жорақызы!



Бүгінгі туған күніңізбен Сізді мектеп ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Сізді әріптестеріңіздің және шәкірттеріңіздің құрметіне бөленген, білікті басшы, ұлағатты ұстаз, дана ұйымдастырушы ретінде мақтан тұтамыз. Сіздің білім саласына қосып келе жатқан өлшеусіз еңбегіңіз бен мектеп ұжымын ортақ мақсатқа жұмылдырып, биік белестерге жетелеп келе жатқаныңыз — біздің үлкен қуанышымыз және мақтанышымыз.

Сіздің іскерлігіңіз бен көшбасшылық қабілетіңіз, адамгершілік қасиеттеріңіз әріптестеріңізге үлгі болып келеді. Ұжымның бірлігін нығайтып, ұстаздар мен оқушылардың алға ұмтылуына серпін беріп келесіз.

Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс, шығармашылық шабыт тілейміз! Мектебіміздің жетістіктері Сіздің басшылығыңызбен еселене берсін!

Ізгі тілекпен,
№23 мектеп-лицейінің ұжымы.[media=[media=https://www.instagram.com/p/DIWdxhPodYY/]]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив