Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 78-17-17
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде мерекелік концерт ұйымдастырылды.
30
апрель
2026
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде
Шара барысында оқушылар түрлі ұлттардың мәдениетін дәріптеп, ән мен биден шашу шашты. Әрбір өнер нөмірі достық пен татулықтың, өзара құрметтің жарқын көрінісіне айналды. Көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған кеш ерекше әсерге толы болды. Бірлік пен ынтымақты ту еткен бұл мереке жас ұрпақтың санасына елжандылық пен сыйластық құндылықтарын сіңіруге зор үлес қосты. [media=https://www.instagram.com/p/DXwgoHJoopR/]
Мектебімізде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
29
апрель
2026
Мектебімізде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында оқушылардың құқықтық
Іс-шара барысында 7–8 сынып оқушыларына «Мектептегі буллинг және кибербуллинг: кім кінәлі және не істеу керек?» тақырыптарында түсіндіру сабақтары өткізілді. Кездесуге қатысқан прокурор Тастемир Болатбек Қуанышбекұлы оқушыларға заң талаптарын түсіндіріп, құқықтары мен міндеттері жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, жасөспірімдер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Осындай тағылымды кездесулер оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, заңды құрметтеуге,
Шымкентте 5 күнге жалғасқан оқу-дала жаттығу жиыны аяқталды.
25
апрель
2026
Шымкентте 5 күнге жалғасқан оқу-дала жаттығу жиыны аяқталды.
Ауқымды іс-шараға Шымкент қаласындағы 151 мектептен 6000-ға жуық оқушы және 600-ге жуық колледж студенті қатысты Оқу-дала жиынының салтанатты жабылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысып, қатысушыларды құттықтады. Жиын барысында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен жетекшілер марапатталды. [media=https://www.instagram.com/p/DXirVMuiLuk/]
♟️🏆 Мақтанышпен құттықтаймыз! 🏆♟️
25
апрель
2026
♟️🏆 Мақтанышпен құттықтаймыз! 🏆♟️
Сербияның Врнячка-Баня қаласында өткен 8–18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы рапид және блиц шахматтан әлем чемпионатында еліміздің жас шахматшылары жоғары нәтиже көрсетті. 🌍 40 елден 437 спортшы қатысқан дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 21 медаль жеңіп алып, оның 9-ы алтын жүлде иеленді. Осы әлем чемпиондарының қатарында мектебіміздің оқушысы Нұрханқызы Аделина да бар! 🥇 Рапид түрі бойынша І орын иеленіп, Әлем чемпионы атанды. 🥉 Блиц түрі бойынша ІІІ орын алып, жүлдегерлер қатарынан
🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🏆
24
апрель
2026
🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🏆
Ұлттық кітап күні қарсаңында Шымкент қаласында «Сапалы білім» жобасы аясында жас ұрпақтың рухани дамуына бағытталған әдеби байқаулар ұйымдастырылды. Аталған байқаулардың бірі – «Абай оқулары – 2026» қалалық сайысында мектебіміздің 7 «Ж» сынып оқушысы Қаршыға Раяна үздік өнер көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді. Бұл жеңіс – оқушымыздың білімге, әдебиетке деген сүйіспеншілігі мен еңбегінің нәтижесі. Жетекшісі: Шалдарбекова Мөлдір. Оқушымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп
Өткен оқу жылында, дәл 19 сәуір күні…
22
апрель
2026
Өткен оқу жылында, дәл 19 сәуір күні…
Өткен оқу жылында, дәл 19 сәуір күні… Мектебімізге асқақ рухтың иесі, ұлттың мұңын жырлаған ақиық ақын Мұхтар Шаханов ағамыз келіп еді… Сол күні ол кісінің әрбір сөзі жүрекке жетіп, әрбір ойы жанымызды тербеп, көзімізге үміт ұялатқан еді. Оқушыларға қарап тұрып, тереңнен толғап: «Шындық шыңында болыңдар!» — деп ақ батасын берген сәті әлі күнге құлағымызда жаңғырып тұрғандай… Кім білген… Араға тура бір жыл салып, дәл сол күнді жүрек сыздап, жанарға жас алып қарсы алатынымызды… Кім білген… Сол
Мектебіміздің 9-сынып оқушылары арасында «Ақыл+» интеллектуалдық-зияткерлік квиз ойыны ұйымдастырылды.
17
апрель
2026
Мектебіміздің 9-сынып оқушылары арасында «Ақыл+»
Аталған сайыс оқушылардың білім деңгейін арттырып қана қоймай, олардың логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығын және жылдам шешім қабылдау дағдыларын дамытуға зор мүмкіндік берді. Қатысушылар қызықты әрі мазмұнды сұрақтарға жауап беріп, жоғары белсенділік танытты. Ойын тартысты да әсерлі өтіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сайысқа 5 команда қатысып, әр топ өздерінің білімдері мен зеректіктерін көрсетті. Нәтижесінде: 🥇 І орын – «Зумерлер» тобы 🥈 ІІ орын – «Білімдар» тобы 🥉 ІІІ орын –
Мектебімізде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында оқушыларға құқықтық білім беру бағытында маңызды іс-шаралар өткізілді.
16
апрель
2026
Мектебімізде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында оқушыларға құқықтық
7–8 сынып оқушыларына «Құқықтық білім беру», ал 9–10 сынып оқушыларына «Құқықтық білім: балалардың құқықтары мен міндеттері» тақырыптарында сабақтар ұйымдастырылды. Сабақ барысында прокурор Тастемир Болатбек Қуанышбекұлы оқушыларға заң талаптарын түсіндіріп, олардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен мәлімет берді. Кездесу барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Мектебіміздің АӘД пәні мұғалімі В.Е. Федеров республикалық әскери жетекшілер турниріне қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
15
апрель
2026
Мектебіміздің АӘД пәні мұғалімі В.Е. Федеров республикалық әскери
Мектебіміздің АӘД пәні мұғалімі В.Е. Федеров республикалық әскери жетекшілер турниріне қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, автоматты жартылай бөлшектеу және жинау бойынша (АК-74) сайыста І орын иеленіп, өз шеберлігін дәлелдеді. Бұл жетістік – кәсібилік пен үздіксіз еңбектің айқын көрінісі. Ұстазымызды жеңісімен құттықтаймыз! [media=https://www.instagram.com/p/DXMVmdPCD8G/?img_index=1]
Ученица 11 «Б» класса нашей школы Бысова Анастасия приняла участие в ежегодной областной олимпиаде по выбору профессии и показала высокий результат.
12
апрель
2026
Ученица 11 «Б» класса нашей школы Бысова Анастасия приняла участие в
Ученица 11 «Б» класса нашей школы Бысова Анастасия приняла участие в ежегодной областной олимпиаде по выбору профессии и показала высокий результат. Олимпиада была организована на базе Южно-Казахстанский государственный университет и направлена на профессиональную ориентацию учащихся. Анастасия продемонстрировала глубокие знания по предметам «Черчение» и «Академический рисунок» по направлению «Архитектура», заняв призовое II место. По итогам конкурса ей был присужден образовательный грант.