Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 78-17-17
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектебіміз үшін үлкен мәртебе! ✨
31
март
2026
Мектебіміз үшін үлкен мәртебе! ✨
Еліміздің дамуы жолындағы маңызды қоғамдық-саяси шараларға белсене қатысып, Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасын дайындау және жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыру ісіне қосқан үлесі үшін мектебіміздің директоры Тойлыбаева Жанар Жорақызына Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты табысталды. Бұл – тек басшының ғана емес, тұтас ұжымның еңбегіне берілген жоғары баға деп білеміз. Жанар Жорақызының іскерлігі, жауапкершілігі мен көшбасшылығы – мектебіміздің дамуына серпін беріп,
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Турегельдиева Акмарал Тураровнаны «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
22
март
2026
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Турегельдиева
Бұл жоғары марапат – ұстаздың жас ұрпақты сапалы білім мен саналы тәрбиеге баулудағы қажырлы еңбегінің, кәсіби шеберлігі мен педагогикалық ізденісінің жемісі. Әріптесіміздің бұл жетістігі – мектебіміз үшін үлкен мақтаныш. Акмарал Тураровнаға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбегінің жемісін көріп, кәсіби жолында толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз! [media=https://www.instagram.com/p/DWLKCm8CIjr/?img_index=1]
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
21
март
2026
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің, ізгілік пен татулықтың мерекесі. Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, молшылық пен ырыс әкелсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Әр күніміз Наурыздай нұрлы, көңіліміз көктемдей шуақты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! [media=https://www.instagram.com/p/DWLKn1YCJDF/]
Буллингтің және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларына қысқа метражды “Хулиганка” фильмі көрсетілді.
19
март
2026
Буллингтің және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп
Фильм арқылы оқушыларға буллингтің зияны, оның салдары және бір-біріне құрметпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді. Көрсетілім оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жағымсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды тәртіпке шақыру, өзара сыйластық пен жауапкершілікке тәрбиелеу. [media=https://www.instagram.com/p/DWDa7wyiHgF/?img_index=1]
Наурыз – қазақ халқы үшін тек мереке ғана емес, жаңару мен бірліктің, жақсылық пен ізгіліктің бастауы.
11
март
2026
Наурыз – қазақ халқы үшін тек мереке ғана емес, жаңару мен бірліктің,
Бұл күндері адамдар бір-біріне ақ тілектер айтып, өкпе-ренішті ұмытып, жаңа жылды жақсы ниетпен қарсы алады. Қазақ дәстүрінде Наурыз мейрамы бірнеше күнге созылып, «Наурызнама» деп аталған. Әр күннің өзіндік мәні мен тәрбиелік маңызы бар. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, табиғатпен үйлесімді өмір сүру, ынтымақ пен татулықты нығайту – осының бәрі Наурыз мейрамының басты мағынасы. 🌿 [media=https://www.instagram.com/p/DVvTTCaCHZn/?img_index=1]
Арт- терапия. Тыныштықта дем, көңілге ем 🎨
11
март
2026
Арт- терапия. Тыныштықта дем, көңілге ем 🎨
Бүгін мектебімізде мұғалімдерге арналған ерекше әрі әсерлі арт-терапия кездесуі өтті. Күнделікті қарбалас жұмыстан бір сәт тыныстап, шығармашылық арқылы ішкі жан дүниемізді тыңдауға мүмкіндік алдық. Кездесу барысында әріптестер өз көңіл күйін бояулар арқылы бейнелеп, шығармашылық әлеміне терең бойлады. Әсем әуен мен жайлы атмосфера қатысушыларға тыныштық сыйлап, жанға жылулық ұялатты. Арт-терапия – тек сурет салу емес, ол адамның ішкі сезімін ашуға, ойды реттеуге және жаңа шабыт алуға
Мектебімізде қала прокуратурасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы қалалық ата-аналар жиналысы өтті.
10
март
2026
Мектебімізде қала прокуратурасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы
 Жиынға 8–11 сынып оқушыларының ата-аналар комитеттері қатысып, өзекті мәселелер төңірегінде ақпараттар берілді. Кездесу барысында жасөспірімдер қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-ана мен мектептің бірлескен жауапкершілігі туралы маңызды түсіндірмелер айтылды. Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Жиын мазмұнды әрі пайдалы өтті. [media=https://www.instagram.com/p/DVswZlfCJLk/]
Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! 🌸
09
март
2026
Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты
Мектебіміздің ұстаздарын, ардақты аналарды, аяулы әжелерді, сүйікті қыздар мен аруларды шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке тілейміз. Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа толы болып, өмірлеріңіз әрдайым гүлдей жайнай берсін![media=https://www.instagram.com/p/DVoMaW6iDsk/] Мереке құтты болсын! 🌷
8 наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде ерекше жылы атмосфера қалыптасты. Оқушылар ұстаздарын көктем мерекесімен құттықтап, гүл шоқтарын табыстады.
07
март
2026
8 наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде ерекше жылы атмосфера
8 наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде ерекше жылы атмосфера қалыптасты. Оқушылар ұстаздарын көктем мерекесімен құттықтап, гүл шоқтарын табыстады. Жылы сөздер мен шынайы тілектер айтылып, ұстаздарға құрмет көрсетілді. Оқушылардың ықыласы мен сыйластығы мерекенің мәнін арттырып, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 🌸 [media=https://www.instagram.com/p/DVjPfzcCO4m/?img_index=1]
В рамках плана воспитательной работы и патриотического воспитания подрастающего поколения учителя М.О истории и географии Алауова Г.О и Каева П.В провели урок-конференцию, посвящённый 160-летию Алихана Букейханова.
06
март
2026
В рамках плана воспитательной работы и патриотического воспитания
В рамках плана воспитательной работы и патриотического воспитания подрастающего поколения учителя М.О истории и географии Алауова Г.О и Каева П.В провели урок-конференцию, посвящённый 160-летию Алихана Букейханова. В мероприятии приняли участие учащиеся 9 «Г» класса. Ребята подготовили содержательные доклады о жизни и общественно-политической деятельности Алихана Букейханова, его роли в истории Казахстана и развитии национальной идеи. В ходе урока была проведена познавательная викторина,