Мектебімізде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында оқушыларға құқықтық
7–8 сынып оқушыларына «Құқықтық білім беру», ал 9–10 сынып оқушыларына «Құқықтық білім: балалардың құқықтары мен міндеттері» тақырыптарында сабақтар ұйымдастырылды. Сабақ барысында прокурор Тастемир Болатбек Қуанышбекұлы оқушыларға заң талаптарын түсіндіріп, олардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен мәлімет берді. Кездесу барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелейді.