Школа №30
Телефоны приемной:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
01
сентябрь
2018

Мектеп ережесі

Космодемьянская атындағы
№23 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогикалық кеңесінің және ата-аналар комитетінің 2018 жылғы                            15 мамырда бірлескен отырысының шешімімен бекітілді.
Шымкент қаласы Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицей
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ішкі тәртіп ережесі.
I.Жалпы ережелер
1.Шымкент қаласы «Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ішкі тәртіп Ережесі (ары қарай Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі, ҚР «Білім туралы »,  «Неке және отбасы туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңдары мен басқада заңдылықтары және  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы, «Мектептің ішкі тәртіп ережесі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі жарғысы талаптарына сәйкес жасалынған.
2.Ереже «Мектептің ішкі тәртіп ережесі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүзеге асырылатын білім мен тәрбие беру процесі барысында мектеп басшылығы мен оқытушыларының,  мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарының Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген Заңдары мен басқада заңдылықтары талаптарына сәйкес мектеп ішіндегі тәртіпке қатысты міндеттерін айқындайды және ол міндеттерінің орындалу жолдарын белгілейді. 
3.Осы  Ереже жобасы  «Мектептің ішкі тәртіп ережесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушыларының сыныптық жиналыстарында, сыныптық ата-аналар жиналыстарында, мектеп мұғалімдері жиналысында алдын-ала талқыланып, тиісті өзгерістермен толықтырулар енгізіліп, мекеменің педагогикалық кеңесімен жалпы мектептік ата-аналар комитетінің және кәсіподақ комитетінің бірлескен отырысының шешімімен бекітілгендіктен, Ереже талаптары мектеп басшылығы мен мұғалімдері, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары үшін орындалуға міндетті болып табылады.
4.Мектеп басшылығы мен мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналары тарапынан Ереженің қандайда болсын талаптарының бұзылыуы жоғарыда келтірілген Қазақстан Республикасының Заңдары мен заңдылықтары талаптарын бұзу болып табылады және заң бұзушылық ретінде шара қолдану үшін тиісті құзырлы мемлекеттік органдар қарауына ұсынылатын болады.
5.Осы Ереже  «Мектептің ішкі тәртіп ережесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жаңа ішкі тәртіп ережесі қабылданғанға дейін күшінде болады.
II. Мектеп басшылығы мен мұғалімдердің міндеттері.
1.Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік  шыңдауға бағытталған сапалы білім мен тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасауға;
2.Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыпуға, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байытуға;
3.Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Халық дәстүрлерін қастерлеуге,  Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез-келген көрінінстерге төзбеуге тәрбиелеуге ;
4.Белсенді азаматтық ұстанымы бар  жеке адамды тәрбиелеуге, республиканың қоғамдық-саяси, экокономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен  міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға;
5. Отандық және әлемдік мәдениеттің  жетістіктеріне баулу, қазақ ұлты мен республиканынң басқа да ұлттарының тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік тілді, басқа да тілдерді меңгеруге бейімдеуге;
6. Тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педогогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға , білім беру ұйымдарын басқарудың  алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
7. Өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;
8. Білім беру ұйымы әкімшілігінң бұйрықтары мен өкімдерін орындауға;
9. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетіген білім беру қызметтерінің сапасын көтеруге;
10. Білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этно-мәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
11. Білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ;
12. Педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
13. Оқушылырдың және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
14. Мектептің ішкі тәртіп ережесі талаптарыны мүлтіксіз орындауға және оқушылар мен ата-аналардан ішкі тәртіп ережесі  талаптарының орындалуын талап етуге;
15. Мұғалім мен білім алушының ата-аналары арасындағы ынтымақтастықты педагогикалық талаптарға сәйкес қалыптастыруға және жүзеге асыруға;
16. Мектепте іскерлік киім үлгісін ұстануға; 
17. Мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды ( сақина, сырға, білезік, моншақ т.б.) әкелмеуге және  пайдаланбауға ;
18. Мектепке нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар, т.б.) әкелмеуге, пайдаланбауға, өзге азаматтарға соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға;
19. Мектептің ішінде ұлт аралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғамауға;
20.  Мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиттер, аудио және  бейне таспалар және т.б.) әкелмеуге және діни тұрғыдағы киімдерді (орамал, хиджаб, некап, паранжа,  ряса, митра, ермолка, т.б.) кимеуге, пайдаланбауға ,  басқа адамдарға , соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға ;
21. Мектеп оқушыларның күнделіті сабаққа қатсыуын бақылауға .
23. Мінезі ауыр оқушылармен тұрақты жеке жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті.
III. Ата-аналар міндеттері.
1.Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуға, азаматтық тұрғыда қалыптасуын қамтамасыз етуге, білімі мен тәрбие сапасын    жақсартуға үлес қосуға, баланың сабақтан тыс мезгілдегі тәртібін жеке жауапкершілікке алуға;
2.Өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алуға (Бала құқықтары туралы Конвенциясының 27 бабының 2-тармақшасы);
3.Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екенін мойындауға; (Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 2-тармақшасы;)
4.«Баланы тәрбиелеуге , оны күтіп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдауға, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үй мен қамтамасыз етуге » (Қазақстан Республикасы  «Баланың құқықтары туралы» Заңының 24-бабының 2-тармақшасы );
5.Балаға алкогольді ішімдіктерді, темекіні және темекі бұйымдарын сатуға және  пайдалануға тыйым салуға; (Қазақстан Республикасы  «Балалар құқықтары туралы» Заңының 37-бабының 2-тармақшасы);
6.Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына  жәрдем көрсетуге, балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге; (Қазақстан Республикасы  «Білім туралы » Заңының 49-бабының 3-тармақшасы);
7. Балаларының білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауына; (Қазақстан Республикасы  «Білім туралы» Заңының 47-бабы 15-1 тармақшасы);
8.Мектептен тыс уақытта баланың бос уақытын  дұрыс ұйымдастыруға. Күнделікті сабақтан кешіктірмей, толық қатыстыруға, сондай-ақ кешкі уақытта қараусыз қалдырмауға;
9.Сабақ уақытында ұялы телефон ұстатпауға, смартфон, планшет әкелдірмеуге;
10. Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс күндерінде,мектептен тыс уақыттағы жол және өмір қауіпсіздігінің  жауапкершілігін, тәртібін күнделікті қадағалауды өз қарауына алуға, балаға толық жауапкершілікті өз мойынына алуға;
11.Баланың мектептен тыс мезгілде бейәдеп, теріс қылықтарына, өмірінің қауіпсіздігіне жеке жауапты екендігін сезінуге;
12.Осы аталған мәселелер орындалмаған жағдайда ата-аналық жауапкершілігіне және ата-аналық міндетіне лайық еместігін сезінуге;
13.Баланың кешкі сағат 22:00 ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз жібермеуге;
14.Баланың көлік жүргізуіне тыйым салуға; Баланың өз бетімен балық  аулауына, су жағасына, орман алаңына баруына тыйым салуға, өмір қауіпсіздігін сақтауға;
15.Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, жыныстық тәрбиесіне (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлуге;
16.Балаларының мектепте нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелуіне , пайдалануына, өзге азаматтарға, оның ішінде тәрбие алушыларға насихаттауына жол  бермеуге;
17.Балаларының  мектепке өткір, үшкір, суық қаруларды (пыщақ, қанжар, костет т.б) ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;
18.Балаларының мектеп ішінде ұлт-аралық , рулық, жершілдік мәселеклерді қозғауына, өзгелерді кемсітуіне жол бермеуге;
19. Балаларының мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (сақина, сырға, білезік, моншақ т.б)  әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;
20.Балаларының мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио және бейне таспалар т.б) және киімдерді (орамал, хиджаб, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка т.б) әкелуіне, киюіне пайдалануына, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттауына жол бермеуге міндетті.
IV. Мектеп оқушыларының міндеттері.
1.Әр оқушы өз бойына Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға;
2.Сабаққа кешікпеуге,  сабақтан себепсіз қалмауға;
3. Мектеп формасын сақтауға, ұлдар: классикалық үлгідегі ақ жейде және тобықтан төмен түсетін қара шалбар (қыс мезгілінде қара пиджак), қыздар: классикалық үлгідегі ақ кофта және тізені бойлайтын қара  юбка,  сабаққа қажетті оқу-құралдарды толық әкелуге;
4. Өз ауысымының басталуына 15 минут қалғанда мектепте болуға;
4-1   1-сабақ    басталар алдында әнұран орындауға;
5.Өрт қауіпсіздігі, жол  ережелері және өмір қауіпсіздігін сақтауға;
6.Табиғатқа нұқсан келтірмей, қамқор болуға;
7. Мектептің күнделікті ішкі тәртіп ережесін бұзбауға;
8.Мектеп мүлкін бұзбауға;
9. сыныптастарына, жасы кішілерге күш қолданбауға, әлімжеттілік жасауға, адамның ар-намысын қорламауға;
10. кешкі сағат 22:00 ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз бармауға;
11. Өзінің Қазақстан Республикасында тыйым салынған діндер мен діни ағымдар өкілдерімен кездесуіне, сұхбат құруына, үгіт-насихат кітаптарымен парақшаларын алуына, оқуына және таратуына қатаң тыйым салуға;
 12. Мектепке ұялы телефон, смартфон, планшет  әкелмеуге;
13. Мектепке нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелмеуге, пайдаланбауға;
 14.Мектепке өткір, үшкір,  суық қаруларды (пышақ, қанжар, костет т.б) ату құралдарывын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелмеуге және пайдаланбауға;
15. Мектептің ішінде ұлтаралық , рулық, жершілдік мәселелерді қозғамауға, өзгені кемсітпеуге;
 16.Мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (сақина, сырға, білезік, моншақ т.б) әкелмеуге және пайдаланбауға;
17. Мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио және бейне таспалар т.б) және киімдерді ( орамал, хиджаб, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка т.б) әкелмеуге, кимеуге, пайдаланбауға, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға ;
 18.Мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
Шымкент қаласы                                                       Шымкент қаласы 
З. Космодемьянская атындағы                                 З. Космодемьянская атындағы            
№23 мектеп-лицей   КММ                                        №23 мектеп-лицей КММ
директоры __________________                              ата-аналар комитетінің                           
                                                                                      төрайымы_________________
Шымкент қаласы                                                                                          
З. Космодемьянская атындағы                                                                           
№23 мектеп-лицей   КММ-нің                                                                  
Кәсіподақ комитетінің
төрайымы __________________
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив