18
февраль
2026
2026 жылғы 16–26 ақпан аралығында мектебімізде «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» атты акция басталды.

Аталған іс-шара аясында Тұран АПБ АБ бастығы, полиция майоры Д.Өмірбек және Тұран АПБ ҚҚБ полиция майоры Иргебаев Жандос Тлеуханұлы, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.К. Абдукаримовпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылық, заң талаптарын сақтау, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі және қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Акцияның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, қауіпсіз орта құру.
Заңды құрметтеу – саналы ұрпақтың белгісі. [media=https://www.instagram.com/p/DU3LGuxCJ5j/?img_index=1]