Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде 9–10 сынып оқушыларының қатысуымен «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
11
февраль
2026

Мектебімізде 9–10 сынып оқушыларының қатысуымен «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектебімізде 9–10 сынып оқушыларының қатысуымен «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Кездесуге Дін істер басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің теолог маманы Әбдіманап Нұрхан Нұртасұлы, “Психикалық денсаулық орталығы” дәрігер-наркологы Шаукенбаева Асем Лесбаевна, Шымкент ҚПД Тұран АПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция майоры Саятов Минур Саятович қатысып, өз салалары бойынша жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.К.Абдукаримов қатысты.

Шара барысында мамандар нашақорлықтың денсаулыққа, психологиялық жағдайға және әлеуметтік ортаға тигізетін зияны, құқықтық жауапкершілік мәселелері туралы түсіндіру жүргізіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Мұндай профилактикалық жұмыстар жасөспірімдердің саналы таңдау жасауына және зиянды әдеттерден аулақ болуына бағытталған. [media=https://www.instagram.com/p/DUm_YrtiN5O/]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив