Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы аясында
16
январь
2026

Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы аясында


мектебімізде 8–11 сынып оқушылары арасында «Жасөспірім және заң. Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында дөңгелек үстел форматында кездесу өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласы Тұран ауданы прокуратурасы мен Тұран аудандық полиция басқармасының өкілі, Шымкент ҚПД Тұран АПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция майоры Саятов Минур Саятович, сондай-ақ мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.К. Абдукаримов қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – 8–11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, зиянды әдеттерден сақтандыру, есірткі құралдарын қолдану мен тасымалдауға байланысты қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру және лудоманияның алдын алу.

Кездесу барысында полиция қызметкері мектепке әкелуге тыйым салынған заттар, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, синтетикалық есірткілерге қатысты қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік мәселелеріне кеңінен тоқталды.[media=https://www.instagram.com/p/DTkSv3yiCqr/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив