26
декабрь
2025
Мектебімізде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оқушыларға жадынама ретінде тұрмыстық және өрт қауіпсіздігі талаптары кеңінен түсіндірілді:
– Шыршаны қабырға мен төбеден кемінде 1 метр қашықтықта, тұрақты негізге орнату;
– Шыршаны жылу беретін құралдарға жақын қоймау;
– Жеңіл тұтанатын ойыншықтар, мақта, қағаз, шам қолданбау;
– Тек сертификатталған электр гирляндаларын пайдалану;
– Эвакуациялық шығу жолдарын бөгемеу;
– Ғимарат ішінде отшашу, хлопушка, шам қолданбау;
– Электр құралдарын қараусыз қалдырмау;
– Балалардың электр гирляндаларын өздігінен қоспауын қадағалау.
Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нақты мысалдар келтіріліп, оқушылардың жауапкершілігін арттыруға басымдық берілді.
Аталған қауіпсіздік жадынамалары мен ескертулер ата-аналар чаттарына да жіберілді.
Мақсат — мерекелік күндерді қауіпсіз әрі алаңсыз өткізу. [media=https://www.instagram.com/p/DSuZY8ziBxP/?img_index=1]