20
ноябрь
2025
Шымкент қаласы Тұран ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан келген 12.11.2025 ж. №23-41-02-1-3/2323-И хаты негізінде, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бекіткен «Қазақстан Республикасында микробқа қарсы
Шымкент қаласы Тұран ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан келген 12.11.2025 ж. №23-41-02-1-3/2323-И хаты негізінде, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бекіткен «Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасының» 3.3-тармағын іске асыру мақсатында мектебімізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.2025 жылғы 18–24 қараша аралығында өтетін Антибиотиктерді дұрыс қолдануды насихаттау жөніндегі Дүниежүзілік апталық аясында микробқа қарсы препараттарға төзімділік проблемасы туралы хабардарлықты арттыру бағытында материалдар дайындалып, ата-аналар чаттарына жолданды.
Сонымен қатар мектеп фойесіне түсіндіру плакаттары орналастырылып, оқушылар мен ата-аналардың назарын аталған тақырыптың маңыздылығына аудару жұмыстары жүргізілді.
Шара антибиотиктерді дұрыс қолданудың маңызын түсіндіруге және қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.[media=https://www.instagram.com/p/DRUpvUdiBRH/?img_index=1]