23
ноябрь
2025
Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай мектебімізде сынып сағаттары өткізілді.

Шара барысында оқушылар қазақтың ұлы ақынының өмір жолы, шығармашылығы және адамзаттық құндылықтарға үндейтін өсиеттерімен тереңірек танысты. Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер оқылып, оның рухани мұрасының бүгінгі күндегі маңызы талқыланды.
Сынып сағаттары жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттырып, ойлы да білімді азамат болып қалыптасуына ықпал етті. [media=https://www.instagram.com/p/DRZepaViC1D/?img_index=1]