Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🔹 Қазақстандық омбудсмендер ТМД Балалар кеңесіне кірді
14
ноябрь
2025

🔹 Қазақстандық омбудсмендер ТМД Балалар кеңесіне кірді


Қазақстандық оқушылар ТМД елдерінің балалар қозғалысы көшбасшыларының алғашқы Балалар кеңесіне мүше болды. Кеңес құрамына Шымкент қаласынан, біздің мектебіміздің оқушысы Жібек Мамырхан енді.

Бүгін Жібек кеңестің алғашқы отырысына қатысып, Қазақстандағы балалар көшбасшыларының балалардың құқықтарын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарын таныстырды.

Сонымен қатар ТМД елдерінің бала құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілдері комиссиясының отырысында қазақстандық тарап бірқатар маңызды бастамалар бойынша баяндама жасады. Атап айтқанда:
– балалар омбудсмендері институтын дамыту;
– мектеп парламенттерінің қызметі;
– балаларды қорғау шаралары;
– буллинг пен онлайн қауіптердің алдын алу;
– «111» ұлттық көмек желісінің жұмысы;
– цифрлық қауіпсіздік бағытындағы құралдар таныстырылды.

20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай Қазақстанда өтетін ТМД балаларының халықаралық конференциясы келесі маңызды кезең болмақ. Конференцияда цифрлық дәуірдегі балалардың ақпараттық қауіпсіздігі жан-жақты талқыланып, қазақстандық омбудсмендер өз ұсыныстарын және еліміздегі тиімді тәжірибелерді ұсынатын болады.[media=https://www.instagram.com/p/DRCiwG0iKi4]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив