Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №23 мектеп-лицейінің 9 “Ж” сынып оқушысы Оразәлі Нұрислам Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Батырлар арамызда» атты қалалық ғылыми-зерттеу жоба байқауына қатысуда.
06
ноябрь
2025

№23 мектеп-лицейінің 9 “Ж” сынып оқушысы Оразәлі Нұрислам Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Батырлар арамызда» атты қалалық ғылыми-зерттеу жоба байқауына қатысуда.

№23 мектеп-лицейінің 9 “Ж” сынып оқушысы Оразәлі Нұрислам Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Батырлар арамызда» атты қалалық ғылыми-зерттеу жоба байқауына қатысуда. Ол 8-10 сынып оқушылары арасында өтетін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Спатаевтың өмірі мен тағдырын зерттеді.
Жоба – елінің ертеңі үшін жанын қиған, ұлттық жанкештіліктің символы және патриоттық тағылым көзі болған батыр Қарсыбай Спатаев туралы деректемелерді жинақтады. Шымкент өңірінің тумасы, минометші Қарсыбай Спатаев Шарнумовский елдімекені түбінде жау танктерінің бірі Спатаевтың позициясына жақындап, минометін басып өтуге ұмтылған сәтте, Спатаев қолында қалған соңғы минаны алып, танкке жол бермеу үшін өзін танк астына тастады. Батыр атағы: КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 17 сәуірдегі жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы (қайтыс болғаннан кейін) берілді. Ол Ленин орденімен марапатталды.
Мақсаты: Халыққа Ұлы Отан соғысы ардагері Қарсыбай Спатаевтың өмір жолы мен ерлігін таныту, жас ұрпақ бойында отансүйгіштік, елге құрмет және тарихқа тағзым сезімдерін қалыптастыру. [media=https://www.instagram.com/p/DQtTFOfCG4K/?img_index=3]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив