Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
май
2025

Қуанышты Жаңалық!


Биылғы оқу жылы №23 мектеп-лицейі үшін ерекше жетістікпен аяқталды!
Ұжымымыздың табанды еңбегі мен сапалы білім беру жолындағы ұмтылысы жоғары бағаланып, №23 мектеп-лицейі Қазақстан Республикасының «ҮЗДІК 100 мектебі» қатарына еніп, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан «Үздік мектеп – 2025» атағына ие болды!
Бұл марапат — ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігінің, оқушыларымыздың білімге деген құштарлығының және ата-аналарымыздың қолдауының жемісі.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, білім саласын дамытуға, сапалы оқу ордаларын қолдауға ерекше назар аударып отырған ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мырзаға шын жүректен алғыс айтып, оның әр ұжымға шын ниетімен қолдау білдіріп, ұстаздардың мәртебесін көтеріп жатқан кәсіби шеберлігіне ризашылығымызды білдіреміз!
Осы үлкен жетістікпен баршаңызды құттықтаймыз! №23 мектеп-лицейінің алар асуы әлі алда деп сенеміз! [media=https://www.instagram.com/p/DJ_zMO7ILdx/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив