12
февраль
2025
Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ашылды. Салтанатты шараға премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ ірі компаниялардың, кәсіпорындар
Астанада «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ашылды. Салтанатты шараға премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ ірі компаниялардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, колледж студенттері, сарапшылар, т.б. қатысты. Жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл фестивальге Шымкент қаласынан барған бір топ делегацияның құрамында №23 мектеп-лицейінің директоры Ж.Д.Тойлыбаева да бар.Қала үлгісінде ұйымдастырылған шара келушілерге иммерсивті формат ұсынып отыр. Яғни әрбір қонақ интерактивті платформалардың көмегімен түрлі кәсіптерді сынап көре алады.
Фестивальға келген жастарға, мектеп оқушыларына VR технологиямен рудниктер мен кен орындарында қалай жұмыс істеуге болатынын VR көзілдірік арқылы көрсетіп, сол жерде қандай жұмыстар істеуге болатынын таныстырып, жұмысшы мамандықтарының бүгінгі күнгі маңыздылығын ұғындыруда. [media=https://www.instagram.com/p/DF9Ned_oPi3/?img_index=1]