13
май
2025
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Шымкент қаласы білім басқармасының 06.05.2025 жылғы №265 н/қ бұйрығы негізінде Зоя Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі 2024-2025 оқу жылының аяқталуы, қорытынды аттестаттауды және басқа да мектепішілік іс-шараларды өткізуге байланысты төмендегілерге ҚАТАҢ ТҮРДЕ ТЫЙЫМ САЛАДЫ:
❌ 4,9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне ақша жинауға;
❌ Аниматорларды, әртістерді шақыруға;
❌ Мұғалімдерге және мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;
❌ Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына ақша жинауға;
❌ Мейрамханаларға баруға, ойын-сауық орталықтары мен саябақтарға баруға және автокөлік шеруін ұйымдастыруға;
❌ Сыныпта дастархан жаюға және ата-аналардан қосымша ақша жинауға.
✅ ҚАТАҢ САҚТАЛУ ҚАЖЕТ:
📌 Оқушыларды қауіпсіздік шараларымен мұқият таныстыру;
📌 “2024-2025 оқу жылының аяқталуы” салтанатты іс-шарасына тек бір ғана заңды өкілін қатыстыру;
📌 Педагогикалық әдеп, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын сақтау;
📌 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, олар үшін тәрбиелік мәні мен маңызы зор, есте қаларлық мектеп өмірін сыйлау - біздің басты мақсатымыз! Сондықтан осы талаптарды сіздермен бірге бірлесе отырып орындайық, өзара сенімді орта қалыптастырайық!
Сұрақтарыңыз болса, 8 (7252) 97 45 38 нөмірі арқылы қоя аласыздар. [media=https://www.instagram.com/p/DJjANEEI8nE/]