04
март
2025
АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР НАЗАРЫНА ЕСКЕРТУ!

Шымкент Қаласының Білім Басқармасына қарасты
№23 мектеп-лицейі “8 наурыз - Халықаралық әйелдер” мерекесі қарсаңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан және ұстаздардан, оқушылардан түрлі мақсатта ақша жинауға тыйым салынғандығы туралы ескертеді:
📌Мұғалімдерге сыйлық беру – міндетті емес. Ұстаздардың еңбегін бағалау үшін ең жақсы сый – балалардың білімге деген ынтасы мен тәртібі.
📌 Материалдық сыйлықтар заңға қайшы болады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге (оның ішінде мұғалімдерге) сыйлық беру сыбайлас жемқорлыққа жатуы мүмкін.
📌Ұстаздар үшін ең құнды сый – құрмет пен алғыс. Жылы сөздер, алғыс хаттар мен шынайы ризашылық – нағыз бағалы сыйлық.
📌Баршаға бірдей әділдік. Кейбір ата-аналар қымбат сыйлық бере алса, кейбіреулердің мүмкіндігі жоқ. Бұл балалар арасында да, мұғалімдер арасында да ыңғайсыз жағдай туғызады. [media=https://www.instagram.com/p/DGvrQg6oncB/]