
Болашақта жастарымыз табысты болуы үшін, үнемі қажеттілікке ие жұмыспен қамтылуы үшін жұмысшы мамандықтарына көңіл бөле білуіміз керек. Астанада 5 күнге жоспарланған «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі – болашақ мамандардың, жұмыс берушілердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығы үшін құрылған алаң. Фестивальдің бірегей форматы қонақтарға әртүрлі кәсіптердің ерекшеліктерімен танысуға және интерактивті алаңдар мен мамандандырылған жабдықтардың көмегімен экономиканың түрлі саласында өздерін сынап көруге мүмкіндік береді.
[media=https://www.instagram.com/p/DF9_1ZjIZma/?img_index=2]