13
февраль
2025
«Шын жүректен кітап сыйла» челленджі өтті! 🎁📖

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай мектебімізде «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі ұйымдастырылды. Шараны кітапхана меңгерушісі П.П.Тилепбаева қолға алды.
📖 Челлендждің басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген құрметін арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және білімнің маңыздылығын насихаттау. Балалар бір-біріне сүйікті кітаптарын сыйлап, кітап оқудың қуанышын бөлісті.
📚 Кітап – білімнің қайнар көзі, ал оны сыйлау – даналыққа бастар жол! Осындай игі бастамалар білімге құштарлықты арттырып, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын оятады. [media=https://www.instagram.com/p/DF-sYd2Ivfj/]