Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Арт- терапия. Тыныштықта дем, көңілге ем 🎨
11
март
2026

Арт- терапия. Тыныштықта дем, көңілге ем 🎨



Бүгін мектебімізде мұғалімдерге арналған ерекше әрі әсерлі арт-терапия кездесуі өтті. Күнделікті қарбалас жұмыстан бір сәт тыныстап, шығармашылық арқылы ішкі жан дүниемізді тыңдауға мүмкіндік алдық.

Кездесу барысында әріптестер өз көңіл күйін бояулар арқылы бейнелеп, шығармашылық әлеміне терең бойлады. Әсем әуен мен жайлы атмосфера қатысушыларға тыныштық сыйлап, жанға жылулық ұялатты.

Арт-терапия – тек сурет салу емес, ол адамның ішкі сезімін ашуға, ойды реттеуге және жаңа шабыт алуға көмектесетін ерекше тәсіл. Әрбір қатысушы өз жұмысын таныстырып, алған әсерімен бөлісті.

Бұл кездесу баршамызға тыныштықта дем алып, көңілге ем болатын сәттер сыйлады. [media=https://www.instagram.com/p/DVvTp9bCA3P/]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив