Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 78-17-17
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
✨ Жаңа жыл құтты болсын! ✨
31
декабрь
2025
✨ Жаңа жыл құтты болсын! ✨
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Өткен жыл табысты еңбегімен, жарқын жетістіктерімен есте қалды. Ал жаңа жыл баршамызға тың серпін, жаңа мүмкіндіктер мен игі бастамалар әкелсін. Алдағы жылда әрбір шаңырақта береке мен бірлік орнап, денсаулық пен амандық болсын. Оқушыларымыз білім биігін бағындырып, ұстаздарымыздың еңбегі жемісті, ата-аналарымыздың үміті ақталсын. Жаңа жыл баршаңызға қуаныш, тыныштық және мол
Жаңа жыл қарсаңында мектебіміздің ұлағатты ұстазы Савина Галина Владимировна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
31
декабрь
2025
Жаңа жыл қарсаңында мектебіміздің ұлағатты ұстазы Савина Галина
Жаңа жыл қарсаңында мектебіміздің ұлағатты ұстазы Савина Галина Владимировна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл марапат — ұстаздың білім беру саласындағы табанды еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және шәкірт тәрбиелеудегі жауапкершілігінің лайықты бағасы. Ұстаздық жолдағы ізденісі мен үлгі боларлық еңбегі көпке өнеге. Галина Владимировнаны айтулы марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз жана берсін, шығармашылық табыс пен шәкірт қуанышы
Жаңа жыл қарсаңында мектебіміздің білім мен тәрбие саласында өз қолтаңбасын қалдырған тәжірибелі ұстаздары — Абай Бахадүрұлы,
30
декабрь
2025
Жаңа жыл қарсаңында мектебіміздің білім мен тәрбие саласында өз
Жаңа жыл қарсаңында мектебіміздің білім мен тәрбие саласында өз қолтаңбасын қалдырған тәжірибелі ұстаздары — Абай Бахадүрұлы, Забира Жұмаділқызы, Людмила Владимировна Қазақстан ағартушылығының негізін қалаушы Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат — ұзақ жылдар бойы атқарылған қажырлы еңбектің, шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаздық парасаттың, мамандыққа деген адалдықтың айқын көрінісі. Әріптестеріміздің білім беру ісіндегі үлгі боларлық еңбегі мен табандылығы жоғары
🏆 БІЗ МАҚТАНАМЫЗ! 🏆
27
декабрь
2025
🏆 БІЗ МАҚТАНАМЫЗ! 🏆
Мектебіміздің 10 «К» сынып оқушысы Махмұт Сұлтан 2025 жылдың қорытындысы бойынша дзю-джитсу күресінен Қазақстан Республикасы, Азия және Әлем чемпионаттарында ел намысын абыроймен қорғап, жоғары жетістіктерге жеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Бұл жетістік — табандылықтың, тынымсыз еңбектің және спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Сұлтанды зор жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! 🥋 Мектебіміздің мақтанышы!
Мектебіміздің фан-клубы Шымкент қаласы мектептері арасында өткен қалалық байқауда жүлделі III орынды иеленіп, жыл қорытындысына арналған есептік концертте өнер көрсетуге арнайы шақырылды.
26
декабрь
2025
Мектебіміздің фан-клубы Шымкент қаласы мектептері арасында өткен
Мектебіміздің фан-клубы Шымкент қаласы мектептері арасында өткен қалалық байқауда жүлделі III орынды иеленіп, жыл қорытындысына арналған есептік концертте өнер көрсетуге арнайы шақырылды. Бұл — жанкүйерлеріміздің ұйымшылдығы мен белсенділігінің, шығармашылық еңбегінің айқын дәлелі. Фан-клубтың әсерлі қойылымы көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мектебіміздің мерейін асқақтатты. Жас өнерпаздарымызды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз.
Мектебімізде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
26
декабрь
2025
Мектебімізде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін
Оқушыларға жадынама ретінде тұрмыстық және өрт қауіпсіздігі талаптары кеңінен түсіндірілді: – Шыршаны қабырға мен төбеден кемінде 1 метр қашықтықта, тұрақты негізге орнату; – Шыршаны жылу беретін құралдарға жақын қоймау; – Жеңіл тұтанатын ойыншықтар, мақта, қағаз, шам қолданбау; – Тек сертификатталған электр гирляндаларын пайдалану; – Эвакуациялық шығу жолдарын бөгемеу; – Ғимарат ішінде отшашу, хлопушка, шам қолданбау; – Электр құралдарын қараусыз қалдырмау; – Балалардың электр гирляндаларын
Мектебіміздің хореографы Керімхан Айдана қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қолынан “Үздік жас хореограф” номинациясын иеленді.
25
декабрь
2025
Мектебіміздің хореографы Керімхан Айдана қала әкімі Ғабит
Бұл — тынымсыз еңбектің, кәсіби шеберліктің және өнерге деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын нәтижесі. Айдана Мәдәлханханқызының әрбір жетістігі — шәкірттеріне үлгі, ұжымымыз үшін зор мақтаныш. Құттықтаймыз! Еңбегіңіздің жемісін көре беріп, шығармашылық шабыт пен жаңа белестерді бағындыра беріңіз. Мектебіміздің абыройы әрдайым асқақтай берсін![media=https://www.instagram.com/p/DSrON8LCOLR/]
Мектебімізде «Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы» аясында «Бақыт деген не?» тақырыбында тағылымды шара өтті.
24
декабрь
2025
Мектебімізде «Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы» аясында «Бақыт
Мектебімізде «Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы» аясында «Бақыт деген не?» тақырыбында тағылымды шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар бұл маңызды сұраққа өз көзқарастарын білдіріп, бақыт ұғымын әр қырынан түсіндірді. «Ашық микрофон» рубрикасы арқылы оқушылар еркін ой бөлісіп, шынайы пікірлерін ортаға салды. Шара жас ұрпақты өз ойын ашық айтуға, өзін тануға және өмірдің мәні туралы терең ойлануға бағытталды. [media=https://www.instagram.com/p/DSpWsLRCJEF/]
23 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Б. Зулпиеваның ұйымдастыруымен 7 “Д” сынып оқушылары арасында қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130
18
декабрь
2025
23 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Б.
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты танымдық сабақ өтті. Сабақ барысында Сапарғали Бегалиннің шығармашылық жолы мен балалар әдебиетіне сіңірген еңбегі кеңінен насихатталды. Оқушылар жазушының шығармашылығы туралы мәлімет алып, балаларға арналған туындыларынан үзінділер оқыды. Белсенді оқушылар жазушы кейіпкерлерінің бейнесін сомдап, талдап, қызықты тапсырмалар орындап, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, викториналық сұрақтарға жауап берді. С. Бегалин шығармалары балалықтың балғын иісі мен
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында
18
декабрь
2025
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында
Мектебімізде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кітапханашы Тилепбаева П.Л. ұйымдастырған мазмұнды кітап көрмесі өтті. Көрмеде жоба аясында оқытылатын кітаптар тізімі ұсынылып, сондай-ақ QR-коды бар кітаптар қойылды. Бұл оқырмандарға кітаптарды заманауи форматта оқуға мүмкіндік береді. Жобаның негізгі мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, тұрақты оқу дағдысын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды сақтау және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.