🏆 БІЗ МАҚТАНАМЫЗ! 🏆
Мектебіміздің 10 «К» сынып оқушысы Махмұт Сұлтан 2025 жылдың қорытындысы бойынша дзю-джитсу күресінен Қазақстан Республикасы, Азия және Әлем чемпионаттарында ел намысын абыроймен қорғап, жоғары жетістіктерге жеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Бұл жетістік — табандылықтың, тынымсыз еңбектің және спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Сұлтанды зор жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! 🥋 Мектебіміздің мақтанышы!