Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кең ауқымды жаттығулар мен қызықты эстафеталар
30
ноябрь
2024
Кең ауқымды жаттығулар мен қызықты эстафеталар
2 “Вқ” сынып оқушыларымен «Кең ауқымды гимнастикалық жаттығулар» тақырыбында эстафеталық ойындар өтті. Сабақты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А. Минлибаева жоғары деңгейде ұйымдастырды. Эстафеталық ойындар оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырып, ептілік пен жылдамдықты дамытуға бағытталды. Сабақ барысында балалар өзара жарысып, ұйымшылдық пен топтық жұмыс дағдыларын шыңдады. Жаттығулардың әртүрлілігі мен ойын түрінде өткізілуі оқушылардың қызығушылығын арттырды. Белсенді сабақтар –
Гимнастика шеберлігі: 9 “З” сыныбымен ашық сабақ
30
ноябрь
2024
Гимнастика шеберлігі: 9 “З” сыныбымен ашық сабақ
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б. Тазабеков 9 “З” сынып оқушыларымен «Гимнастикалық жаттығулар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар гимнастикалық элементтердің дұрыс орындалу техникасын меңгеріп, дене икемділігін арттыруға бағытталған түрлі жаттығуларды орындады. Бұл сабақ олардың дене дайындығын ғана емес, тепе-теңдікті сақтау және икемділік қабілеттерін де дамытты. Оқушылардың белсенділігі мен сабаққа деген қызығушылығы жоғары деңгейде болды. Мұндай сабақтар денсаулықты
Волейбол шеберлігі: допты төменнен беру техникасы
30
ноябрь
2024
Волейбол шеберлігі: допты төменнен беру техникасы
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н. Мулькүбаев оқушылармен бірге «Волейбол ойынында допты төменнен беру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар волейбол ойынының маңызды техникасын – допты төменнен беруді үйреніп, оны тәжірибеде қолданды. Әр жаттығу оқушылардың үйлесімді қозғалысын, дәлдігін және командалық жұмысқа деген қабілетін арттырды. Белсенді әрі қызықты өткен сабақ оқушылардың спортқа деген сүйіспеншілігін оятып, ойын барысында өз шеберліктерін дамытуға мүмкіндік берді.