26
февраль
2026
«Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: миссия және құндылықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді

Мектебімізде «Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: миссия және құндылықтар» тақырыбында мазмұнды сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлін түсіндіру, оның негізгі миссиясы мен құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақтың елге қызмет етуге деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар мемлекеттік қызметшінің басты міндеттері, халыққа адал қызмет ету қағидаты, заң үстемдігі, ашықтық, әділдік және кәсібилік сияқты негізгі құндылықтармен танысты. Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мәні талқыланып, еліміздің дамуына үлес қосатын жауапты азамат болудың маңызы айтылды.
Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіріп, пікір алмасты. Танымдық сұрақ-жауап, топтық тапсырмалар арқылы олардың қызығушылығы артып, мемлекеттік қызметке деген оң көзқарасы қалыптасты.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдыққа және қоғам алдындағы жауапкершілікке баулиды. [media=https://www.instagram.com/p/DVOIWlviAsU/?img_index=1]