04
июнь
2024
Қымбатты қазақстандықтар!

Әнұранымыз, елтаңба мен көк байрағымыз – елдік пен егемендігіміздің айнасы. Тәуелсіздік пен бостандықтың қастерлі нышанына айналған рәміздеріміз айбынымызды асырып, ұлттық рухымызды мәңгі аспандата берсін.
1992 жылдың дәл осы күні Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ал 2007 жылдың 4 маусымынан бастап қазақстандықтар бұл күнді Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады.
Мемлекеттік рәміздер – қазақ халқының мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман - тілегін жеткізетін құнды белгілер!
Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз айбарлы болсын!
✍️ Құрметпен, № 23 мектеп-лицейінің ұжымы
[media=https://www.instagram.com/p/C7yMSbANZcj/]