Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
🌸 Ұстазға алғыс 🌸
30
сентябрь
2025
🌸 Ұстазға алғыс 🌸
Мектебімізде «Ұстазға алғыс» тақырыбында оқушылардың жүрекжарды лебіздеріне толы құттықтау бейнероликтері түсірілді. Бұл бейнероликтер арқылы шәкірттер өз ұстаздарына деген ыстық ықыласын, алғысы мен құрметін жеткізді. 💐 Ұстазға деген алғыс – әр шәкірт жүрегінде мәңгілік сақталатын асыл сезім! ✨ [media=https://www.instagram.com/p/DPRLH2diEHJ/?img_index=3]
(👨‍👩‍👧‍👦 Қалалық ата-аналар жиналысы 👨‍👩‍👧‍👦
26
сентябрь
2025
(👨‍👩‍👧‍👦 Қалалық ата-аналар жиналысы 👨‍👩‍👧‍👦
Бүгін сағат 11:00-де Zoom платформасында Білім басқармасының басшы орынбасарының у.м.а. А.Тұрсынованың төрағалығымен қалалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры кіріспе сөз сөйлеп, ата-аналарға маңызды бағыттар таныстырылды: • 📌 Мектеп формасы талаптары • 📌 Құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шаралары • 📌 Дұрыс тамақтану және денсаулық сақтау мәселелері Сонымен қатар ата-аналар комитеті сайланды. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – ата-аналар мен мектеп арасындағы
✨ Ерлікке тағзым! ✨
25
сентябрь
2025
✨ Ерлікке тағзым! ✨
Батыр қыз Зоя Космодемьянскаяның ерлігін еске алу мақсатында сынып сағаты өткізіліп, мектеп фоесінде оған арналған бұрыш жасалды. Бұл іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа отансүйгіштік пен батырлықты насихаттау, ерліктің мәңгілік үлгісін дәріптеу.[media=https://www.instagram.com/p/DPBR4TsiKO7/?img_index=1]
✨ Ерлік сағаты – Зоя Космодемьянская ✨
25
сентябрь
2025
✨ Ерлік сағаты – Зоя Космодемьянская ✨
Мектебімізде батыр қыз Зоя Космодемьянскаяға арналып ерлік сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға Зояның қайсар ерліктері жан-жақты түсіндіріліп, отансүйгіштік пен батылдықтың үлгісі ретінде насихатталды. Бұл сабақ жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті арттырып, батырлыққа тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болды. [media=https://www.instagram.com/p/DPBS96JCDei/?img_index=1]
🌸 Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі 🌸
24
сентябрь
2025
🌸 Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі 🌸
№13 қалалық емханасының гинекологы Ж.Зұлпиханова, психолог маман Ж.Жақыпбекова, әлеуметтік қызметкер А.Өтегенова және мектеп медбикесі И.Қансейтова 8-сынып қыздарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ерте жүктіліктің алдын алу, жеке гигиена, қыз баланың денсаулығы мен жауапкершілігі, психологиялық тұрақтылық сияқты маңызды тақырыптар қозғалды. Бұл шара қыз балалардың өз денсаулығына мән беріп, болашақ өміріне саналы қадам жасауына, дұрыс таңдау жасай білуіне бағытталды.
⚜️ АДАЛ АЗАМАТ: ОТБАСЫ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚОҒАМ – БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ
17
сентябрь
2025
⚜️ АДАЛ АЗАМАТ: ОТБАСЫ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚОҒАМ – БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ
📌 17 қыркүйек күні республика көлемінде «Адал азамат: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі – жаңартылған тәрбие бағдарламасы» тақырыбында брифинг өтті. 🎤 Шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Қалмақов Ерлан Болатұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Вице-президенті Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы қатысты. 🗣 Ерлан Болатұлы: «Алғаш рет бұл бағдарлама жекеменшік мектептер үшін де міндетті болмақ. Бұл тәрбие жұмысының ел
🚦📘 “Жол әліппесі” тақырыбында сынып сағаттары өтті 📘🚦
16
сентябрь
2025
🚦📘 “Жол әліппесі” тақырыбында сынып сағаттары өтті 📘🚦
Оқушыларға жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік ережелерін үйрету мақсатында “Жол әліппесі” тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Шара барысында балаларға жол белгілері таныстырылып, қауіпсіз жүріп-тұрудың маңызы түсіндірілді. Сынып сағаттарын сынып жетекшілері А. Құдайберген мен В. Мифтахова өткізді. Сабақтар оқушылардың жол ережелерін білуге деген қызығушылығын арттырып, әрдайым абай болуға тәрбиеледі. 🚸 [media=https://www.instagram.com/p/DOqwdtLiCHH/?img_index=1]
🌍✨ “Тілдер тоғысқан мереке” онкүндігі өз мәресіне жетті! ✨🌍
16
сентябрь
2025
🌍✨ “Тілдер тоғысқан мереке” онкүндігі өз мәресіне жетті! ✨🌍
Тіл – халықтың жаны, ұлттың айнасы. Осындай асыл қазынаны дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған онкүндік аясында түрлі тәрбиелік, танымдық және мәдени шаралар өткізілді. Оқушылар тілдердің әсемдігін дәріптеп, өнерлерін ортаға салып, достық пен бірлікті паш етті. Әрбір шара жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, өзге ұлт тілдеріне де құрметпен қарауға шақырды. Онкүндіктің соңында “Тілдер тоғысқан мереке” атты фестиваль ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Бұл
📖✨ “Тілім менің – тірлігімнің айғағы” ✨📖
15
сентябрь
2025
📖✨ “Тілім менің – тірлігімнің айғағы” ✨📖
Тіл – халықтың жаны, ұлттың айбыны. Осы құндылықты дәріптеу мақсатында мектебімізде оқушылар арасында көркем сөз оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылар қазақ тілінің әсемдігін, сөз өнерінің қуатын жүректеріне ұялатқан жыр шумақтары арқылы жеткізді. Әрбір өлең жолы мен шешендік сөздері туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті айшықтап тұрды. Бұл шара – жас ұрпақтың тілге деген ықыласын арттырып қана қоймай, олардың өнерге, әдебиетке деген құштарлығын да оятты. 🌿
👨‍👩‍👧‍👦 Отбасы күні құтты болсын! 👨‍👩‍👧‍👦
13
сентябрь
2025
👨‍👩‍👧‍👦 Отбасы күні құтты болсын! 👨‍👩‍👧‍👦
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді еліміздегі мерекелердің бірі – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасы – қоғамның берік іргетасы, бақыт пен шаттықтың, сүйіспеншілік пен мейірімнің алтын бесігі. Әр шаңырақта береке орнап, ұрпағымыз ізгілікке, білім мен еңбекке ұмтылып өссін. Бұл күн – отбасы құндылығын дәріптеп, татулық пен ынтымақтың қадірін ұғындыратын айрықша мереке. Әрбір отбасына амандық, шаттық пен баянды бақыт тілейміз! 🌿 👨‍👩‍👧‍👦 Отбасы күні құтты болсын!