Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 78-17-17
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
🚦📘 “Жол әліппесі” тақырыбында сынып сағаттары өтті 📘🚦
16
сентябрь
2025
🚦📘 “Жол әліппесі” тақырыбында сынып сағаттары өтті 📘🚦
Оқушыларға жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік ережелерін үйрету мақсатында “Жол әліппесі” тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Шара барысында балаларға жол белгілері таныстырылып, қауіпсіз жүріп-тұрудың маңызы түсіндірілді. Сынып сағаттарын сынып жетекшілері А. Құдайберген мен В. Мифтахова өткізді. Сабақтар оқушылардың жол ережелерін білуге деген қызығушылығын арттырып, әрдайым абай болуға тәрбиеледі. 🚸 [media=https://www.instagram.com/p/DOqwdtLiCHH/?img_index=1]
🌍✨ “Тілдер тоғысқан мереке” онкүндігі өз мәресіне жетті! ✨🌍
16
сентябрь
2025
🌍✨ “Тілдер тоғысқан мереке” онкүндігі өз мәресіне жетті! ✨🌍
Тіл – халықтың жаны, ұлттың айнасы. Осындай асыл қазынаны дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған онкүндік аясында түрлі тәрбиелік, танымдық және мәдени шаралар өткізілді. Оқушылар тілдердің әсемдігін дәріптеп, өнерлерін ортаға салып, достық пен бірлікті паш етті. Әрбір шара жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, өзге ұлт тілдеріне де құрметпен қарауға шақырды. Онкүндіктің соңында “Тілдер тоғысқан мереке” атты фестиваль ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Бұл
📖✨ “Тілім менің – тірлігімнің айғағы” ✨📖
15
сентябрь
2025
📖✨ “Тілім менің – тірлігімнің айғағы” ✨📖
Тіл – халықтың жаны, ұлттың айбыны. Осы құндылықты дәріптеу мақсатында мектебімізде оқушылар арасында көркем сөз оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылар қазақ тілінің әсемдігін, сөз өнерінің қуатын жүректеріне ұялатқан жыр шумақтары арқылы жеткізді. Әрбір өлең жолы мен шешендік сөздері туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті айшықтап тұрды. Бұл шара – жас ұрпақтың тілге деген ықыласын арттырып қана қоймай, олардың өнерге, әдебиетке деген құштарлығын да оятты. 🌿
👨‍👩‍👧‍👦 Отбасы күні құтты болсын! 👨‍👩‍👧‍👦
13
сентябрь
2025
👨‍👩‍👧‍👦 Отбасы күні құтты болсын! 👨‍👩‍👧‍👦
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді еліміздегі мерекелердің бірі – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасы – қоғамның берік іргетасы, бақыт пен шаттықтың, сүйіспеншілік пен мейірімнің алтын бесігі. Әр шаңырақта береке орнап, ұрпағымыз ізгілікке, білім мен еңбекке ұмтылып өссін. Бұл күн – отбасы құндылығын дәріптеп, татулық пен ынтымақтың қадірін ұғындыратын айрықша мереке. Әрбір отбасына амандық, шаттық пен баянды бақыт тілейміз! 🌿 👨‍👩‍👧‍👦 Отбасы күні құтты болсын!
🖋️ “Ұлттың ұлы құндылығы – тіл” тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
07
сентябрь
2025
🖋️ “Ұлттың ұлы құндылығы – тіл” тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
А.Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған бұл байқау – жас ұрпақтың тілге деген құрметін арттырып, сөз өнеріне деген қызығушылығын оятуды мақсат етті. 📚 Оқушылар өз шығармаларында ана тілінің асыл қазынасы, оның ұлт болашағындағы рөлі, халықтың рухани байлығын сақтаудағы маңызы туралы терең ой қозғады. Әрбір эсседе жас қаламгерлердің жүрекжарды толғанысы, таза сезімі мен шынайы ықыласы көрініс тапты. ✨ Шара барысында оқушылардың тың көзқарастары, бай
📖✨ Абай мұрасы – ұлт қазынасы ✨📖
07
сентябрь
2025
📖✨ Абай мұрасы – ұлт қазынасы ✨📖
​https://www.instagram.com/p/DOQqqhMiFIT/?img_index=1​​​ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Шымкент филиалы қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымды іс-шара өткізді. Іс-шара барысында хакім Абайдың шығармашылығы мен философиялық мұрасы кеңінен насихатталып, әдеби және мәдени тұрғыда терең талқыланды. Бұл жиын жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлы ақынның мол мұрасынан тағылым алуға жол ашты. 🌿
Арман – биік, мақсат – айқын! 🌟
03
сентябрь
2025
Арман – биік, мақсат – айқын! 🌟
9–11 сынып оқушылары өз болашағына бағыт беретін асқақ армандары мен жарқын мақсаттарын бейнеролик арқылы өрнектеді. Бұл тек шығармашылық жұмыс емес, әрбір кадры — үмітке толы жүрек үні, болашаққа жасалған нық қадам. Бейнероликте оқушылардың өз мамандығын таңдаудағы сенімі, үлкен белестерге ұмтылысы және туған еліне пайда тигізсем деген асыл ниеті көрініс тапқан. Олардың көзіндегі жалын мен жүректеріндегі сенім кез келген жанды жігерлендіреді. Арманды мақсатқа айналдырып, болашаққа батыл қадам
Кәсіптік бағдар және әскери өмірге шақыру
03
сентябрь
2025
Кәсіптік бағдар және әскери өмірге шақыру
Шымкент қаласы Тұран ауданының подполковнигі М.Аяпов пен майор Т.Рамазанов мектебіміздің 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, кәсіптік білім алудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, жастарды әскери өмірге қызықтырып, Отан алдындағы борышты абыроймен атқарудың жауапкершілігі жайында мазмұнды әңгіме өрбітті. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, әскери қызметтің қыр-сырымен танысты. [media=https://www.instagram.com/p/DOJHcUkiNQB/?img_index=1] 
1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!
02
сентябрь
2025
1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!
Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №23 мектеп-лицейінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға Жер қатынастары басқарма басшысы Исламов Азат Рахымбердіұлы арнайы қонақ болды. 2025–2026 оқу жылында мектебіміздің табалдырығын 250-ден астам бүлдіршін аттап, білім әлеміне алғашқы қадам жасады. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде мектептерді жаңғырту, жаңа мектептер салу жобасы аясында лицейіміз екі ауысымда оқиды. Мектебіміздің барлық
🎉 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні! 🎉
30
июль
2025
🎉 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні! 🎉
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Сіздерді елдің тұтастығын, қоғамның тұрақтылығын және азаматтардың құқығын айқындап берген Ата Заңымыздың мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 📖 Конституция – тәуелсіздігіміздің тұғыры, бірлігіміздің берік негізі, ел болашағының кепілі. Баршаңызға бейбіт өмір, игілік пен өркендеу тілейміз! Жас ұрпағымыз біліммен қаруланып, Қазақстанның дамуына өз үлесін қоса берсін! №23 мектеп-лицей ұжымы [media=https://www.instagram.com/p/DN-f0UViDyt]