17
сентябрь
2025
⚜️ АДАЛ АЗАМАТ: ОТБАСЫ, МЕКТЕП ЖӘНЕ ҚОҒАМ – БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ

📌 17 қыркүйек күні республика көлемінде «Адал азамат: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі – жаңартылған тәрбие бағдарламасы» тақырыбында брифинг өтті.
🎤 Шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Қалмақов Ерлан Болатұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Вице-президенті Тәңірбергенова Анар Шынболатқызы қатысты.
🗣 Ерлан Болатұлы: «Алғаш рет бұл бағдарлама жекеменшік мектептер үшін де міндетті болмақ. Бұл тәрбие жұмысының ел көлемінде бірыңғай жүргізілуіне әрі барлық оқушылар үшін тең орта қалыптастыруға жол ашады. Бүгінде 800-ге жуық жекеменшік мектептен 23 мыңнан астам педагог арнайы оқытудан өтті», – деп атап өтті.
📖 Жаңа «Адал азамат» бағдарламасы бүгінде еліміздің барлық білім беру ұйымдарына енгізіліп, жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
🌍 Маңғыстау облысы аясында атқарылған жұмыстар:
✔️ Мектептерде тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр;
✔️ Ата-аналармен бірлескен жобалар қолға алынды;
✔️ Мұғалімдерге әдістемелік қолдау және тәжірибе алмасу алаңдары құрылды.
✨ Бұл бағдарлама жас ұрпақ бойында отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, патриоттық рухты, адалдық пен әділдікті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Брифингте құнды пікірлерімен және мазмұнды ақпараттарымен бөліскен спикерлерге алғыс білдіреміз.
[media=https://www.instagram.com/p/DOsyVt8CK_S/?img_index=1]