28
ноябрь
2024
Ғылым мен технология жолындағы жеңістеріміз!
Мектебіміздің талантты оқушылары Республикалық ғылыми-техникалық жобалар байқауында (KazRobotics) үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Байқауда оқушыларымыздың инновациялық идеялары мен ғылыми ізденістері жоғары бағаланып, үш номинация бойынша жеңіске жетті:
1️⃣ Молдабек Ерасыл (10 “И” сынып) – “Жер сілкінісін анықтайтын датчик” прототипі бойынша үздік презентациясымен ерекшеленіп, жеңімпаз атанды.
2️⃣ Сәкен Айару мен Ахмеджанова Агния (7 “И” сынып) – “Girls in STEM” номинациясында “Газ датчигі” жобасымен топ жарды.
Жобалар жетекшісі: Муталхан Изет Мұратқызы – оқушыларды ғылымға баулу мен олардың дарындылығын дамытудағы еңбегі үшін алғысымыз шексіз!
Бұл жетістіктер – оқушыларымыздың шығармашылық қабілеттері мен ғылыми ізденістерінің нәтижесі. Біз олардың талпыныстары мен еңбекқорлығына мақтанамыз!
Ғылымға құштар жас буын – жарқын болашақтың негізі! Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және алда тек сәттіліктер тілейміз! 🚀✨ [media=https://www.instagram.com/p/DC4bnKJIkYg/?img_index=1]