01
апрель
2026
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

№23 мектеп-лицейі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хатына сәйкес маңызды өзгерісті хабарлайды:
1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі бірлесіп,
1-сыныпқа қабылдаудың пилоттық жобасын іске қосуда.
ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:
18 маусым – 31 тамыз
Құжаттар тек онлайн түрде
EGOV «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады.
ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. Өтініш (бекітілген үлгі бойынша)
2. Баланың туу туралы куәлігі
3. Ата-ананың жеке куәлігі
4. Медициналық анықтамалар:
№065/е – Иммундау паспорты
№052-2/е – Бала денсаулығы паспорты
5. 3×4 фотосурет
Қабылдау мерзіміндегі өзгерістерді назарға алуларыңызды сұраймыз! [media=https://www.instagram.com/p/DWjf69vCOaO/?img_index=1]