Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
февраль
2026

Жылдың үздік шахматшысы – 2025



Зерде мен төзім, сабыр мен стратегия тоғысқан сәттерде нағыз жеңіс туады.
Шымкент қаласында өткен жарыстар қорытындысы бойынша 4 «Б» сынып оқушысы Нұрханқызы Аделина
«Жылдың үздік шахматшысы – 2025» атағына ие болды.

Бұл – бір ғана жеңіс емес.
Бұл — тынымсыз еңбектің, табандылықтың және мақсатқа деген берік сенімнің нәтижесі. Қоржынында 50-ден астам медаль, түрлі деңгейдегі кубоктар, мәртебелі жарыстардағы жүлделі орындар бар.

Ақыл-ойды, шыдамдылық пен стратегиялық ойлауды талап ететін шахмат спортында Аделинаның жетістіктері — қажырлы еңбектің айқын көрінісі. Ол — өз қатарластарына үлгі, мектеп мақтанышы.

Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз! [media=https://www.instagram.com/p/DUYLLzPCFDi/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив