02
октябрь
2025
🌟 Ұстазға алғыс – шәкірт жүрегінен 🌟

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен елімізде ұйымдастырылған “Ұстазға алғыс” апталығы аясында мектебіміздің ұлағатты ұстазы, білікті басшы Қыдырбекова Жанар Сиязбековна ерекше марапатқа ие болды.
Кезінде білім нәрін құйып, бағыт-бағдар берген шәкірті Шадырова Айжан Батырбекқызы бүгінде Оқу-ағарту министрлігінде абыройлы қызмет атқарып жүр. Шәкіртінің жүрекжарды алғысының белгісі ретінде Жанар Сиязбековна арнайы Астана қаласына барып, Министрліктен Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл – ұстаз еңбегінің ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталатынының айқын дәлелі. ✨
Біз Жанар Сиязбековнаны шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөлене беруді тілейміз.[media=https://www.instagram.com/p/DPTGOtMiOyU/?img_index=3]