Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!
02
сентябрь
2025

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!



Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №23 мектеп-лицейінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға Жер қатынастары басқарма басшысы Исламов Азат Рахымбердіұлы арнайы қонақ болды.

2025–2026 оқу жылында мектебіміздің табалдырығын 250-ден астам бүлдіршін аттап, білім әлеміне алғашқы қадам жасады. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде мектептерді жаңғырту, жаңа мектептер салу жобасы аясында лицейіміз екі ауысымда оқиды.

Мектебіміздің барлық педагогтері 100% жасанды интеллект бойынша сертификатталған, оқыту үдерісі заманауи технологиялармен жабдықталған. Биылдан бастап әр дүйсенбіде сынып сағатының алғашқы 10 минуты – жеке қауіпсіздікке, ал әр сәрсенбіде бірінші сабақтың 3 минуты – дене жаттығуларына арналады.

7-сыныптан бастап енгізілетін бейіндік сыныптар мен кәсіпке бағдарлау жобалары оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға жол ашады.

Барша оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктерге бірге жетейік!
[media=https://www.instagram.com/p/DODoLbiiJ-n]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив