Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
май
2024

Құрметті Отан қорғаушылар!


Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймыз!

Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен Отанға адал қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мейрам. Батырларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен осынау ұланғайыр жерді қорғап, мұраға қалдырды. Соның арқасында бүгінде тәуелсіз мемлекет құрып, өркендеп келеміз.

Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы «Өз елін мақтаныш етпеу – сатқындықпен тең» деген. Қастерлі отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады.

Бейбітшілік тірегіне айналған Отан қорғаушылар күнімен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілейміз.

Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін!
[media=https://www.instagram.com/p/C6p8cQ1NsLp/]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив