Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жұқпалы аурулардың алдын алыңыз
07
май
2024

Жұқпалы аурулардың алдын алыңыз



3. Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінде жұқпалы аурулардың алдын алу
мақсатында денсаулық сақтау қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Дәрігер Абдалиева Замира Қыстаубайқызы оқушыларға
«Туберкулездің алдын алу және сақтану жолдары» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Туберкулез- ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру. Қазіргі кезде туберкулез ауруының қауіптілігі туберкулез ауруы адамнан адамға ауа арқылы таралып жұғатын болғандықтан, туберкулезбен тыныс жолдары ( кеңірдек, кеңірдекше ) және өкпесі зақымданған науқастар жоғары қауіп тудырады.

Мектеп медбикесі Индира Аманжолқызы мен оқушыларға денсаулық-ең басты байлық болып саналатындығын, тазалықты сақтау, жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер бере отырып, жұқпалы аурулардың қауіптілігі жөнінде баяндама жасады.

Жиын соңында оқушылар өздерін толғандырған сауалдарына нақты жауаптар алды.
[media=https://www.instagram.com/p/C6lFTjsr44F/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив