10
апрель
2026
№23 мектеп-лицейінде маңызды әрі мазмұнды әдістемелік іс-шара өтті. Оқу үдерісінің сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалының тәжірибелі тренерлері арн
№23 мектеп-лицейінде маңызды әрі мазмұнды әдістемелік іс-шара өтті. Оқу үдерісінің сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалының тәжірибелі тренерлері арнайы келді.Атап айтқанда, Калыкулова Жазира Өміртаевна, Купешова Асия Жаншораевна, Бисебаева Ұлжамал Жақсылықовна, Омарова Несипкул Нартаевна және Алиасқаров Даулет Алтынбайұлы ұстаздардың сабақтарына қатысып, оқу процесімен жан-жақты танысты. Сабақ барысында оқыту әдістері, оқушылардың белсенділігі, тапсырмалардың тиімділігі мен саралануы сияқты маңызды аспектілерге назар аударылды.
Әр сабақтан кейін тренерлер мұғалімдермен бірге талдау жүргізіп, кәсіби тұрғыда құнды кері байланыс ұсынды. Олар оқытудағы заманауи тәсілдерді тиімді қолдану, оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту, бағалау жүйесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарымен бөлісті.
Бұл кездесу ұстаздар үшін үлкен тәжірибе алмасу алаңына айналды. Әдістемелік қолдау барысында педагогтердің сабақтары мен оқу үдерісін жоспарлауына жалпы жоғары баға берілді. Бұл - біз үшін қуантарлық жағдай. Әйтсе де орынды ұсыныстар ұстаздарымыздың өз тәжірибесіне жаңаша көзқараспен қарап, кәсіби шеберлігін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.
Осындай маңызды кездесулер білім сапасын арттыруға, заманауи талаптарға сай бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосары сөзсіз. [media=https://www.instagram.com/p/DW7_sIfiKXL/]