06
февраль
2026
«Таза Қазақстан – Таза мектеп – Таза ой» экологиялық акциясы аясында 8 «Ж» сынып оқушылары да челленджге белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.
«Таза Қазақстан – Таза мектеп – Таза ой» экологиялық акциясы аясында 8 «Ж» сынып оқушылары да челленджге белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.Оқушылар дайындаған бейнероликте қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және табиғатқа жанашырлықпен қарау идеялары нақты әрекеттер арқылы көрсетілді. Жұмыста сыныптың ұйымшылдығы, жауапкершілігі және шығармашылық ізденісі айқын байқалады.
Мұндай экологиялық бастамалар оқушыларды табиғатты аялауға, таза орта қалыптастыруға және саналы әрекет етуге тәрбиелейді.
8 «Ж» сынып оқушыларына белсенділігі мен бастамашылдығы үшін алғыс білдіреміз, шығармашылық табыс тілейміз! [media=https://www.instagram.com/p/DUaz4JiiIBP/]