Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қайырымдылық – жүректен! ✨
20
март
2025
Қайырымдылық – жүректен! ✨
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған “Наурызнама” онкүндігі аясында мектебімізде “Қайырымдылық пен мейірімділік” күніне арналған ерекше акция өтті. Қайырымдылық – ізгіліктің айнасы. Бұл күні оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар бірлесе отырып, балаларды Наурыз мерекесімен құттықтау үшін кеңсе тауарларын жинау акциясын ұйымдастырды. Жиналған қалам, дәптер, бояу, түрлі-түсті қарындаштар мен басқа да оқу құралдары балалардың білім алуына септігін тигізеді.
Ұлттық киім – рухани мұрамыз!
20
март
2025
Ұлттық киім – рухани мұрамыз!
Наурызнама онкүндігі аясында мектебімізде Ұлттық киім күні аталып өтті! Осы ерекше күнге орай Мектеп Парламенті ұлттық киімді дәріптейтін арнайы видеоролик дайындады. Ұлттық киім – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, халықтың мәдениеті мен болмысын айшықтайтын құндылық. Әр оюы мен өрнегі терең мағынаға ие шапан мен камзол, зерлі сәукеле мен тақия – ұлттың тарихын, дәстүрін дәріптейтін киелі дүниелер. Осы күні оқушылар мен ұстаздар қазақы киім киіп, төл мәдениетіміздің құндылығын тағы бір мәрте паш