Шахмат: Ой мен логиканың шыңдалу алаңы
№23 мектеп-лицейінде шахмат үйірмесі – тек ойын емес, ойлау қабілетін, зейін мен табандылықты дамытатын ерекше орта. Жуырда өткен үйірме жұмыстарының үзінділерінен құралған видеоролик көрермендерге оқушылардың жетістіктері мен қызықты сәттерін ұсынды. Үйірме жетекшісі Омаров Құрбан оқушыларға шахмат әлемінің қыр-сырын үйретіп, олардың тек спорттық деңгейде емес, интеллектуалдық тұрғыда да өсуіне үлкен үлес қосуда. Жаттығу барысында шәкірттер түрлі стратегияларды меңгеріп, өзара сайысқа түсіп,