“Қыз қылығымен сымбатты” – ұлттық тәрбие негізі
Қазақ халқының “Қыз қылығымен сымбатты” деген дана сөзі қыз бала тәрбиесінің ерекше маңыздылығын, оның ішкі және сыртқы сұлулығының үйлесімін анық көрсетеді. Қыздың жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, әдептілігі мен жан дүниесінің тазалығы – оның шынайы сымбатын айқындайды. Осы мақсатта мектебімізде психологтар мен практикант мамандардың қатысуымен қыздармен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында қыз тәрбиесінің маңызы, әдептілік пен ибалықтың құндылығы, мейірімділік пен сабырлылықтың әйел