Лицей күні – дәстүр мен достықтың жарқын мерекесі!
16 қараша күні №23 мектеп-лицейінде ерекше мереке – Лицей күні аталып өтті. Бұл күн лицей тарихында өшпес дәстүрге айналып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен бірлігін айшықтайтын айтулы шараға айналды. Бұл жылы лицейдің 8-сынып оқушыларына салтанатты түрде “лицейист” атағы беріліп, олар ерекше құрметке ие болды. Ал 9-сынып оқушылары өздерінің профильдерін сахнада таныстырып, керемет өнер көрсетті. Әділқазылар құрамына мектеп директоры Тойлыбаева Ж.Д., директордың орынбасары Исмаилова