Тіл – ұлттың жаны, рухының айнасы!
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, сөз өнерінің шеберлігін насихаттау мақсатында өткен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қалалық байқауда мектебіміздің ұстазы Рамбергенова Аманкүл Рүстемовна өз білімі мен шешендігін, тілге деген құрметін көрсете отырып, II орын иеленді! Бұл жетістік – тек жеке жеңіс емес, ана тіліміздің абыройын асқақтатар үлкен қадам. Асыл мұраның мұрагері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының атын иеленген байқауда дараланып, озық шыққан ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз!