✅️Құрметті ата-аналар! » «№23 Космодемьянская атындағы мектеп-лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №23 имени З. Космодемьянской»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Версия для
слабовидящих
22
апрель
2025

✅️Құрметті ата-аналар!




Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында қала аумағында орналасқан кинорумдарда түнгі сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдердің топтанып жүру фактілері жиілеп кеткені анықталды.

Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың артуына, сонымен қатар қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелуде. Бұл – балалардың қауіпсіздігіне, тәрбиесіне және болашағына тікелей қауіп төндіретін алаңдатарлық мәселе.

Осыған байланысты, ата-аналардан өз балаларының түнгі уақытта беймезгіл жерлерде, әсіресе ойын-сауық нысандары мен кинорумдарда болуына жол бермеуді, олардың жүріс-тұрысына қатаң бақылау жасауды сұраймыз.

Шымкент қаласы Полиция департаменті қала аумағындағы кинорумдарға қатысты келесідей ақпаратты назарларыңызға жеткізеді:
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің кинорумдарға тек ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруімен ғана баруына рұқсат етіледі. Бұл – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң талаптарына сай жүзеге асырылады.

СОНЫМЕН ҚАТАР ҚАЛА АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН КИНОРУМДАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫН ҰСЫНАМЫЗ!

Балаларыңыздың амандығы – сіздердің тікелей бақылауларыңызда.
Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараңыз!🌼🌸🌿📚🖊[media=https://www.instagram.com/p/DIwL_3oIOMI/?img_index=1]

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив